Тараз қаласының прокуратурасы 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсау дерегін анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының прокуратурасы «Т» ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.

Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.

02.07.2025 жылы Тараз қаласы прокуратурасының нұсқауымен бұл дерек ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша Тараз қаласы ПБ-ның СДТБТ-на тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде, 03.05.2025 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1053044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді