Түркістан облысында полицейлер кезекті сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің аппараты, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері сенбілікке шықты. Яғни әкімшілік ғимараттарға іргелес аумақтарда тазалық орнатуға белсенді қатысты.
Қолдарына тырма, күрек және сыпырғыш алған полицейлер аулаларды сыпырды, қоқыстардан тазартты, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтірді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндай сенбіліктерді өткізу ұжымның бірігуіне ықпал ететін игі дәстүр. Осылайша полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтаумен қатар облысты абаттандыруға өз үлестерін қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1053440?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді