
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш. Утебалиева және Білім департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы З. Гумарова жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторингпен келесі ұйымдар қамтылған:
• «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ,
• «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ,
• «Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет қөрсету орталығы» КММ,
• «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» ММ.
Мониторинг Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген чек-лист негізінде жүргізілді.
Жүргізілген мониторингтің нәтижелері жинақталып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1053223?lang=kk
Жауап қалдыру