
№ 23 сайлау округінен сайланған депутат Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы өз округіне қарасты № 175 «Айнакөл» ауылының орта мектебі мен №128 орта мектептің және №39 «Қызылөзек» орта мектебінің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Сонымен қатар, Қызылөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауылда көтерілген мәселелерді ( газдандыру, қоғамдық көліктің ауылға қатынауын жиілету т.б) тыңдап, олардың шешілу жолдарын талқылады.
Депутат кездесу барысында көтерілген мәселелердің шешілу бағытында жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1054248?lang=kk
Жауап қалдыру