🔰 МАҚТАРАЛ: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Мақтарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өңір кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге қатысқан Мақтарал ауданы білім бөлімінің қызметкерлері және өңірдегі жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшыларына жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Кездесу соңында Рауан Жұмадулаұлы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.
Жауап қалдыру