6 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БІРІГІП, КЕЛЕС ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы 12 ауыл және ауылдық округ аумағында орталық көшелер, А-15 республикалық және облыстық маңызы бар жолдар, ішкі көшелер, арық-атыздар толық тазаланды.
Сенбілікке тұрғындар, еріктілер, ауыл ақсақалдары, бөлім қызметкерлері мен ауыл округі әкімдіктерінің мамандары белсене қатысты.
Ауыл ақсақалы Лесбек Нұртаев сенбілікке қатысып, игі іс жайлы ойын білді.
– Тазалық имандылықтың жартысы деген сөз бар. Осындай шаралар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, жастарға үлгі болып отыр,- деді ол.
Жалпы акцияға 6 мыңнан астам адам жұмылдырылып, нәтижесінде аудан бойынша 12 тонна қоқыс шығарылды.
Ауыл тұрғыны Әділет Әзімқұлова да сенбілікке белсене атсалысты.
– Бәріміз бірігіп шыққан соң, жұмыс та жеңіл болды. Өзіміз тұратын жерді таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз, – деді.
Жастар жағы да назардан тыс қалмады. Белсенді жас Айбар Камал өз пікірін айтты.
– Қоршаған ортаны таза ұстау біздің болашағымызға жасалған қамқорлық. Бүгін біз үлкендермен бірге жұмыс істедік, бұл бізге үлкен тәжірибе болды.
Сонымен қатар, Келес аудандық Абай ауруханасына қарасты 69 мекеме де сенбілікке қосылып, аурухана аумағы мен білім беру ұйымдарының аулаларын тазалады. Бұл іске 180 қызметкер қатысып, қосымша 2 тонна қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1054044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді