Ақ желкен тұрғын массивінде 1200 шаршы метр аумақ абаттандырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылының Ақ желкен тұрғын массивінде ауқымды абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Аталған жоба аясында «МАЭК» ЖШС-не тиесілі су каналының бойындағы 1200 шаршы метр аумақта бірқатар құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, аумаққа брусчатка төселіп, заманауи қоршаулар орнатылады. Сонымен қатар балалар ойын алаңы мен воркаут аймағын салу жоспарланған. Демалуға арналған орындықтар орнатылып, жарықтандыру шамдары қойылады.

– Жобаны қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр, деді Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Жұлдызбай Көңілімқосов.

Абаттандыру жұмыстары жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына ие болуда. Ақ желкен тұрғын массивінің тұрғындары бұл бастаманы қолдап, өз ризашылықтарын білдірді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1053993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді