Ақтөбелік тәжірибелі кәсіпкер әйелдер «Бетбұрыс» жобасының қатысушыларына шеберлік сабақтарын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоба өз мәресіне жетіп қалды! Қорытынды есептік сабақ аясында кезекті шеберлік сағаттары өтіп, қатысушылар құнды білім мен тәжірибе алды:

Сағыныш Ризуанова – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ABS оқу орталығының жетекшісі, ағылшын тілінің қазіргі замандағы маңызын кеңінен түсіндіріп, сөздік қорды дамытуға арналған тәжірибелік әдістерін көрсетті. Бұл қатысушыларға тілді үйренуде жаңа серпін берді.

Асель Шабикова – шар бизнесі саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпті дамыту жолдары жайлы пайдалы кеңестер берді. Әрбір қатысушы өз кәсібін бастауға деген сенімділігін арттырды.

Жадра Серіковна – дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Бағдагүл Болтаева – тендерге қатысу тәртібі туралы айтып, мемлекеттік сатып алулар саласындағы маңызды ақпараттармен бөлісті. Бұл мәліметтер кәсіпкерлікке қызығушылығы бар қатысушылар үшін ерекше құнды болды.
Осындай жан-жақты шеберлік сабақтары қатысушылардың кәсіби, әлеуметтік және жеке дамуына үлкен үлес қосып, олардың болашақтағы жаңа жетістіктеріне сенімді бағыт берді.

Жоба барысында алынған білім мен тәжірибе – олардың өмірлік қадамдарына берік негіз боларына сенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/1054069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді