
Бүгін елорданың «Үркер» тұрғын алабында өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен ҚР төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.
Жаңа депо 2,7 гектар аумақта бой көтерді. Екі қабатты ғимаратта екі шығуға арналған бокс, қызметтік кабинеттер мен мәжіліс залы орналасқан. Құтқарушылардың кәсіби және дене дайындығын арттыру мақсатында оқу мұнарасы мен спорт алаңы қарастырылған.
Өрт сөндіру бөлімі «Үркер» тұрғын алабының 35 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады. Бөлім заманауи техникамен жабдықталған: автоцистерналар, жедел әрекет ету көлігі және тиімді жұмысқа қажетті барлық құралдар бар. Сондай-ақ қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған, бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-nura/press/news/details/1053689?lang=kk
Жауап қалдыру