АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТТАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қаласы әкімі аппаратына қарасты Азаматтарды қабылдау орталығы бірлесіп, цифрлық форматтағы ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу барысында азаматтардың заңды құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие қызметтер бойынша жан-жақты қолдау көрсету.
Ашық есік күні барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегіне тұру, жұмыссыз ретінде тіркелу, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ жер қатынастарына қатысты құқықтарды рәсімдеу сынды өзекті тақырыптарда сұрақтар қойылды. Барлық өтініш иелеріне құзыретті мамандар тарапынан толыққанды әрі түсінікті жауаптар ұсынылып, қажетті кеңестер берілді.
Бұл шара мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін одан әрі жетілдіруге, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1053777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді