Бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар жобасын қарастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар жобасын қарастырды.

Аталған жоба «Қарағанды ГеоИнфоПроект» ЖШС-мен Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Жоспардың мақсаты – жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үдерістерінің алдын алу.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қарағанды қаласы Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тоқбаев М.Р., жобаны әзірлеуші Хан Т.Г. баяндама жасады. Жобаны талқылауға Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясының директоры Айдарханов Б.К. қатысты.

2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы мәселе қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1053850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді