
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек сауда саласында туындаған өзекті мәселелер бойынша келесіні хабарлайды.
ҚР 07.07.2020 жылғы №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының, 1-тармағына сәйкес: – «Денсаулық сақтау саласында қызметтің мынадай түрлерін лицензиялау жүзеге асырылады:
1) медициналық қызмет;
2) фармацевтикалық қызмет…».
Сонымен қатар, Кодекстің 233 бабының 3,4 тармақтарында: – «Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы қызметін бастағаны туралы хабардар еткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады».
Мынадай:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
2) сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған;
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;
4) жарамдылық мерзімі өткен;
5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлерінің;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады – делінген.
Осы ретте, Департамент ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, ҚР тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды рұқсат құжаттары бар субъектілерден сатып алу қажеттілігін хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1053707?lang=kk
Жауап қалдыру