
Хромтау қаласындағы №4 орта мектептің ауласында FIFA Arena бағдарламасы аясында жаңа футбол алаңының құрылысы басталды. Бұл алаң бұрынғы ескі спорт алаңының орнында салынып жатыр. Жобаның құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.
Құрылыс аясында мердігер ұйым ескі жабындыны толықтай алып тастап, жасанды газон төсеуге арналған арнайы негіз дайындайды. Кейін FIFA тарапынан сертификатталған сапалы газон төселіп, қоршау орнатылады.
Жоба аяқталған соң, барлық хромтаулық балаға заманауи, қауіпсіз және қолжетімді футбол алаңы пайда болады. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік береді.
Хромтау қаласында осындай төрт алаң салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1053744?lang=kk
Жауап қалдыру