Имидж үшін алаяқтық: алдамшы сән-салтанатты шындық ретінде қалай көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Кінәлі 5 ай бойы достарымен бес жұлдызды қонақүй бөлмелерінде тұрып, қымбат мейрамханаларда кешкі ас ішіп, дәмді тағамдарға тапсырыс беріп, элиталық ерлер киім дүкендерінен киім-кешек сатып алып, банк атынан расталмаған төлем тапсырмаларын берген.

    Жәбірленушілер өз кезегінде төлем құжаттарының түпнұсқасын тексермей, оған тауарлар мен қызметтерді көрсеткен.

   Сотталушы төлем құжаттарын банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ іс жүзінде шотта қаражат болмаған.

   Мысалы, алаяқ қонақүйде бөлмелерді брондап, бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп, тұрақтаған. Қонақ үй қызметкерлерін алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы ол жоғарыда аталған төлем тапсырмаларын берген. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге 4,4 млн теңге көлемінде ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген.

   Ақшаның түспегенін білген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына хабарласқан.

   Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, алаяқтыққа әлеуметтік желілерде танымал болу үшін барғанын, ол жерде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, суретін жариялағанын көрсетті.

   Келтірілген шығынның жалпы сомасы 8 млн теңгеден астамды құрады.

   Сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

   Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Қала прокуратурасы ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың дұрыстығын уақтылы тексеруді ұсынады.

Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1054086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді