Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті көшпелі отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келес аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Абишевтың төрағалығымен Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың басында Қоғамдық кеңес құрамы жаңа мүшемен толықты. Қоғамдық кеңес қатарына ресми түрде қабылданған – Тастемиров Бекмурат Сатыбаевич. Кеңес төрағасы жаңа мүшені құттықтап, қоғамдық қызметіне сәттілік тіледі.

Отырыста бірқатар мекеме басшыларының 2024 жылы және 2025 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Атап айтқанда:

  • Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ж. Маханбеталиева;
  • «Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйі» директорының м.а. Б. Баймаханов;
  • Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысы Н. Слан;
  • Қошқарата ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Усенбаев;
  • Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы У.Шерхан өз есептерін ұсынды.

Кеңес мүшелері тарапынан  бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, санитарлық талаптардың сақталуы және салықтық түсімдерді ұлғайту, аудан аумағындағы бірқатар кәсіпкерлердің өз нысандарына қазақы атаулар бермеуі сынға алынды, осы және бірқатар мәселелері бойынша нақты сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Әсіресе кірістер басқармасының есебі кеңінен талқыланып, кәсіпкерлердің салықтық тәртіпті сақтауы және біріңғай жер салығының орындалуына қатысты сұрақтар көтерілді. Отырыста ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімі, аудандық мәдениет үйі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және мемлекеттік кірістер басқармасының есептері назарға алынсын деп шешілді.

Сонымен қатар, Қошқарата ауылдық округінің есебін әкімнің орынбасары ұсынғанымен, Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені толыққанды қарау үшін округтің тікелей әкімі өзі қатысып, есеп беруі қажет деп шешті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1054260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді