
“AMANAT” партиясының Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық мәслихат аппаратының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абдиев Ерлан Тұрсынбайұлы азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдауға “AMANAT” партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров, Қала әкімінің орынбасары А.Байболова, Облыстық мәслихат депутаты Т.Садуов, Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Елеусизов және Қалалық мәслихат депутаты Б.Жабанов қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар:
• зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға қосымша экологиялық төлем төлеу;
• санаториялық ем қабылдау және оңалту орталықтарына жолдама алу;
• әлеуметтік көмек көрсету;
• мүгедектік жәрдемақылар;
• жылу жүйесіне қатысты түйткілдерді көтерді.
Әр мәселе бойынша заңға сәйкес түсініктеме беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1054168?lang=kk
Жауап қалдыру