КЕНТАУДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қала көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтау мақсатында қала әкімі Жандос Тасовтың өкімімен жұмысшы топ құрылған.
 
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарымен Кентау қаласы аумағында және қалаға қарасты 4 ауылда жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі мобильдік топтар құрылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
 
Рейд нәтижесінде, қала аумағында жер қойнауын заңсыз тасымалдап жүрген ауыр жүк көліктері анықталмады.
 
ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139 бап жер қойнауын өз бетінше заңсыз пайдаланған үшін жауапкершілік қарастырылған, ал ірі көлемде жер қойнауын өз бетінше заңсыз пайдаланған үшін ҚР ҚК-ның қылмыс кодексінің 334 бабымен жауапкершілік қаралып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына айыру жазасы қарастырылған.
 
Айта кетейік, жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды тоқтату жұмыстары қала әкімінің тікелей бақылауында.
 
Құрметті қала тұрғындары табиғатқа залал келтірушілер жайлы нақты дәлел-дәйектер немесе өзгеде мәліметтер болса 102 немесе 109 номеріне жолдауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1054139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді