“Көлікте желмен жарысып жүрді”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодарлық полицейлер әлеуметтік желілер арқылы жол жүру ережелерін қасақана бұзған жүргізушілерді тұрақты негізде анықтайды.

– Мысалы, мониторинг барысында Павлодар қаласындағы Орталық Өнеркәсіптік аймақ көшесінде жолаушы Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктің кабинасынан көлік құралының люкінен жартылай денесін шығарып, жол жүру ережелерін бұзған. Бұл бұзушылық үшін “желмен жарысып жүруді ұнататын адам” жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Айта кету керек, жыл басынан бері жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін полицейлер 7 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Павлодар облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарының назарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздікті ешқашан назардан тыс қалдырмауға аударады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1053764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді