Мемлекеттік сатып алу бойынша жалпыға бірдей оқытуды өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12 наурызда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» КММ басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілетін жаңалықтар бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді.

Талқылау барысында сұрақтар қаралды:

Конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде құқық қолдану практикасында басшылыққа алынуы қажет «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» енгізілген инновациялар.

Жалпыға бірдей оқыту барысында уәкілетті органның қосымша түсіндірулерін және тиісті сұрау салуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталды.

Бұдан басқа, заң нормалары мен ережелерді талқылау кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін құқық нормаларының сәйкессіздіктерін жою мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдағы талдауда көрсету қажет қайшылықтар анықталды.

              

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ugz/press/news/details/1054126?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді