
Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев таңғы уақытта қаланы аралады. Сапар барысында Мұрат саяжайына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу кезінде саяжай аумағындағы жарық көзі мен ауыз су тарту жұмыстарының барысы талқыланды.
«Жұмыстардың орындалуы жеке бақылауымда. Жоспарға сәйкес өз кезегінде жүзеге асырылуда», – деді ол.
Сонымен қатар, қала әкімінің міндетін атқарушы мердігер ұйым өкілдеріне жұмыстың сапасы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1053722?lang=kk
Жауап қалдыру