Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары №2 су қоймасына барып, нысанда жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 тамыз күні Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары №2 су қоймасына барып, нысанда жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Су қоймасының іші санитарлық талаптарға сай ретке келтіріліп жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жұмыс бөлмесіндегі терезе жаңасына ауыстырылды.Су қоймасының сыртқы бөлігі де жөндеуден өтті — қабырға жаңартылып, сырланды. Сондай-ақ су ресурстарының маңыздылығына назар аударту мақсатында нысанның сыртына су туралы түсіндірме сипатындағы жазу жазылды. Мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстардың сапасына оң баға беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған мұндай жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1054221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді