Қауіпсіз инъекция қағидалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✨Егер инъекция пациентке зиян келтірмесе, медициналық қызметкерге қауіп төндірмесе, қауіпті қалдықсыз болса, қауіпсіз болып саналады.

💉Неліктен инъекция қауіпсіздігіне назар аудару керек?

Инъекциялар ең көп таралған медициналық процедуралардың бірі болып табылады. Жыл сайын әлемде шамамен 16 миллиард инъекция жасалады. Олардың көпшілігі (90-95%) емдік мақсатта және тек 5-10% иммундау үшін жасалады.
Инъекциялар қажеттілікке байланысты салынады, алайда, кейде қауіпті болуы мүмкін. Жыл сайын «В» және «С» гепатитінің миллиондаған жағдайлары, АИТВ-ның шамамен төрттен бір миллионы қауіпті инъекцияларға байланысты орын алады. Басты мәселе – көп жағдайда инъекциялық жабдықты зарарсыздандырусыз қайта пайдалану болып табылады.
💉Адам денсаулығына және қоршаған ортаға инъекциялар қандай қауіп төндіреді?
■ Шприцтер, инелер және басқа да медициналық құралдар көбінесе зарарсыздандырусыз қайта қолданылады.
■ Лас, өткір медициналық заттар (мысалы, инелер, шприцтер) тиісті сақталмағандықтан, денсаулық сақтау мамандарының инелерден жарақат алу қаупі бар.
■ Пайдаланылған өткір медициналық заттарды қауіпсіз сақтамау және тиісті түрде жоймау инфекцияны тудыруы мүмкін.
Мысалы, пайдаланылған өткір медициналық заттар қоқыс орындарына тасталады, бұдан қоқыс жинаушылар мен басқа да адамдар жарақат алып, жұқпаны жұқтыруы мүмкін.
💉Инъекция жасау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар қағидаларды сақтау керек, атап айтқанда:
✅материалдарды зарарсыздандыру;
✅инъекция орнын дұрыс өңдеу;
✅ бір рет қолданылатын инелер мен шприцтерді қолдану;
✅қалдықтарды дұрыс жою;
✅инъекция жасау техникасын сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1053702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді