
Қарағандыда ерекше піл бой көтерді. Әрине, тірі емес, бірақ өте сүйкімді: оны 10 мың сусын қақпағынан, ондаған пластик бөлшектерден, қаңылтыр банкалардан және қолшатыр тұтқаларынан құрастырып жасады.
Бұрын бұл қарапайым топиарий мүсін ғана еді, ал қазір ол Орталық саябақта орнатылған нағыз арт-нысанға айналды.
Ерекше мүсіннің авторы – саябақтар басқармасының суретшісі Марина Зварыгина.
— Біздің мақсатымыз — әдетте қоқысқа тасталатын заттардан да әдемі нәрсе жасауға болатынын дәлелдеу. Ең бастысы — әр заттың бойынан қоқысты емес, жаңа мүмкіндікті көре білу, — дейді ол.
Піл мүсіні қоршаған ортаға қамқорлық ең қарапайым қадамдардан басталатынын еске салады.
Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1053711?lang=kk
Жауап қалдыру