
2025 жылғы 18-19 тамыз күндері Египет Араб Республикасының Гиза қаласында пара дзюдодан Гран-при халықаралық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік спортшылар қатысып, тартысты бәсеке жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын пара дзюдодан әлем чемпионы Құлмырза Бексұлтан 81 келі салмақ дәрежесінде қорғап, кезекті рет өзінің шеберлігі мен қайсарлығын дәлелдеді. Финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.
Жеңімпаз спортшымыз Құлмырза Бексұлтан мен жаттықтырушысы Нұрбол Шаймановты жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы додаларда да табысты өнер көрсетіп, биік белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1054276?lang=kk
Жауап қалдыру