
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 22-23 тамыз күндері Республикалық халық шығармашылығының XXXIII дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалін тамашалауға шақырамыз.
Бұл мерекелік шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерді ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. Фестиваль барысында елдің түкпір-түкпірінен келген өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар халық әндері мен күйлерін, айтыс және дәстүрлі өнердің сан алуан түрлерін ұсынады.
Фестиваль – облысымыздың тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, халық өнерін ұрпаққа аманаттайтын бірегей көрінісі.
Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарын рухани құндылыққа толы өнер мерекесіне шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1054257?lang=kk
Жауап қалдыру