Шу ауданына пресс-тур: «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және  қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан пресс-тур Шу ауданында жалғасты. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асып жатқан өнеркәсіптік жобаларымен танысты.

Іссапардың мақсаты – тұрғындардың әл-ауқатын арттыратын бастамалардың жүзеге асу барысымен таныстыру.

Журналистер алдымен гербицид өндірісімен айналысатын «Хим-плюс» ЖШС-да болды.  Құны 26,3 млрд. теңгені құрайтын жоба жылына 2000 тонна өнім өндіруге қуатты. Мұнда 48 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Келесі кезекте журналистер «C9 Tecnologies» ЖШС-ның жұмысымен танысты.  Компания кассалық чек шығарып, нарыққа тұрақты әрі сапалы өнім ұсынып келеді. Ал келесі нысан  «Chemical Engineering» ЖШС  жылына 200 мың тонна аммоний бифторидін шығаруға қабілетті.

Одан соң БАҚ өкілдері сутегі асқын тотығын өндіретін «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС-ның тыныс-тіршілігімен танысты. Зауыттың жалпы аумағы 16 гектарды құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2024–2026 жылдарға жоспарланған. Құны 65 млн АҚШ долларын құрайтын өндіріс орны жылына 30 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Бұл өз кезегінде еліміздегі химия өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, импортты алмастыруға ықпал етпек. Кәсіпорында 98 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Пресс-тур  жүгеріні терең өңдейтін ірі зауыт – «SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС-да жалғасты. Жобаның жалпы құны 800 млн. доллар, кәсіпорын 406 гектар аумақта салынып, 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде 1500 тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Зауытта валин, изолейцин, лейцин, глутамин, цитруллин, ВСАА, треонин секілді өнімдер мен жүгеріні өңдеуден алынатын қосалқы өнімдер өндіріледі. Бұл өнімдер тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия, Еуропа, Африка, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспортталмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/1053797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді