
2025 жылғы 19 тамызда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Яндекс Плюс компаниясы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – креативті индустриялар мен цифрлық технологияларды дамыту, жас таланттарды қолдау және отандық контентті халықаралық деңгейге ілгерілету.
Ынтымақтастық аясында білім беру бағдарламалары, тәжірибелік тағылымдамалар, шығармашылық жобалар мен мәдени іс-шаралардың жаңа форматтары іске асырылатын болады.
Қазақстандағы өнер мен мәдениет саласының көшбасшысы болып саналатын Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бұл келісім арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік бермек.
Компания өз кезегінде музыка, әдебиет, кино және басқа да бағыттарда креативті индустрияны қолдау жұмыстарын жүргізбек.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1054098?lang=kk
Жауап қалдыру