
“Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округінде 8 жыл бойы “Таза аула-Таза ауыл” конкурсы өтуде, конкурс жеңімпаздары “Убинское – Ш” ЖШС демеушісінің қолдауымен бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйақылармен марапатталады.
Осылайша, 2023-2024 жылдары Волчанка ауылдық округінде “Үлгілі ауыл” байқауы өткізіліп, жеңімпаздар “Жайлы аула”, “Ұқыпты иесі” номинациялары бойынша халық арасында да, ұйымдар арасында да ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
2025 жылғы 19 тамызда комиссия құрамында: аудандық мәслихат төрағасы Г. И. Акулов, “АМАНАТ” партиясының төрағасы А. В. Тиц, “Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ , Волчанка ауылдық округінің әкімі Б.М. Сикпаева, Волчанка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері “Таза аула – Таза ауыл” конкурсы бойынша қорытынды шығарды.
Конкурстың өтуі ағымдағы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында үш кезеңде өтті. Жеңімпаздар анықталды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1054077?lang=kk
Жауап қалдыру