ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ALPHA SKY» ЖШС АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Alpha Sky» ЖШС-нің директоры Гүлжан Джанибековамен кездесіп, әуежай жұмысын жандандыру бойынша келіссөздер жүргізді.
☑️Келіссөздер барысында Түркістан халықаралық әуежайында ішкі және халықаралық рейстер санын ұлғайту, жаңа әуе бағыттарын ашу, жолаушылар мен жүк ағынын арттыру, инфрақұрылымдық объектілер салу арқылы әуежай әлеуетін арттыру, Түркістан облысында туризмді дамыту және өзге де өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
☑️Облыс әкімінің бірінші орынбасары компанияға үлкен сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
☑️Түркістан облысының әкімдігі мен «Alpha Sky» ЖШС Түркістан облысының аумағында көлік-логистикалық қызметтерді дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу бойынша келісімге келді.
☑️Келіссөздер нәтижесінде, Түркістан облысы әкімдігі мен «Alpha sky» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1053828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді