ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАУШЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Түркістан облысында туризм саласын дамыту бойынша 2025-2029 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітіліп, жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі туризм саласын жандардыру бағытындағы жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
☑️Облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне бекітілген индикаторларды мерзімінде орындау керектігін ескертіп, жауапты сала басшыларына қызмет сапасын арттыру, туристік орындарды абаттандыру, инвестиция тарту бойынша бірқатар тапсырма берді.
☑️Жиында өңірде туризмді дамыту бағытындағы өзекті мәселелер туралы облыстық туризм Нұрдәулет Медеуовтің баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, облыстың туризм саласында динамикалық өсім бар. Ішкі туристер санын жылдың соңына дейін 350 мың адамға жеткізу жоспарланып, осы жылдың І тоқсан қорытындысымен 59,3 мың турист келген. Сонымен қатар шетелдік туристер санын жыл соңына дейін 18 мың адамға жеткізу жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен 2,0 мың адамды құрап отыр. Алайда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 166,2% артқан. Ал, e-qonaq платформасында облыстағы шетелдік туристердің саны 2025 жылдың 6 айында 23,6 мың адамды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе артқан.
☑️Орналастыру орындарының нөмірлік қорларын арттыру бойынша жыл соңына дейін 9 704 төсек-орынға жеткізу жоспарланып, бүгінде төсек-орындар саны 10 219-ға жетті. Яғни бекітілген индикатор 126,4% артығымен орындалған.
☑️Өңірде туризм саласына инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін жыл соңына дейін 55,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған болса, осы жылдың 6 айының қорытындысымен 33,0 млрд.теңгеге орындалды. Бұл көрсеткіш жоспардың 59%-ын құрап отыр.
☑️Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Төлеби ауданында орналасқан демалыс орындарының саны 118-ден 194-ке жетті. Ал, Сарыағаштағы шипажайлардың саны 63-ке жетті.
☑️Туристік нысандарда қызмет сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 66 адамға гид-экскурсовод тренинг курстары ұйымдастырылды.
☑️Облыстың туристік әлеуетін арттыру мақсатында басқарма тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, Халықаралық туризм альянсына мүшелікке ұсыныс беріліп, 2025 жылдың қараша айында Қытай елінің Ханжоу қаласында ресми түрде мүшелікке қабылданады. Қытайдың Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын «Визит Түркістан» ақпараттық орталығы ашылды. Түркия елінің «Аlbayrak Media Group», «Аnadolu», TURSAB ұйымдарымен байланыс орнатылып, Түркияда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылуда. Одан бөлек, отандық және шетелдік байланыс жұмыстарының нәтижесінде тұрақты түрде 18 туристік компаниямен серіктестік орнатылып, аталған компаниялар Түркістан облысына наурыз-маусым айларының аралығында 19 650 туристі алып келді.
☑️Туризм саласының даму қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жанданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1053902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді