
Түркістан облысында полиция профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр.
Түркістан облысында полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған “Заң және тәртіп” қағидаты аясында аудандарда жедел-профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
Мәселен, Шардара ауданындағы іс-шара барысында полицейлер 68 құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде: көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 16, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау – 12, техникалық байқаудан өтпеу – 5, маневр жасау ережелерін бұзу – 4 факт. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 1 жүргізуші мен белгіленбеген орындардан өткен 8 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.
Осы тұста тәртіп сақшылары жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Яғни жол қауіпсіздігінің, сондай-ақ нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша бейнероликтерді қамтитын QR-кодтары бар 150-ден астам жадынама таратты.
Сонымен қатар атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексерді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1054177?lang=kk
Жауап қалдыру