
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері Шолпан Каринова мен Жанат Шамакова жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.
Сапар аясында Ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтары бекітіліп, Мұғалжар, Алға және Қобда аудандарындағы Отбасын қолдау орталықтары мен Бала даму кабинеттерінің қызметімен танысу жұмыстары басталды.
Бүгінде Ақтөбе облысында 14 отбасын қолдау орталығы және 4 бала даму кабинеттері жұмыс істейді.
Жұмыс сапарының басты мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі заңнама аясында ашылған орталықтардың алғашқы жұмыс нәтижелерін саралау.
Орталықтарға жүгінгендер саны, жүгіну себептері, көрсетілген көмек түрлері мен туындаған проблемалар бойынша талдау жүргізілуде.
Сондай-ақ, орталықтардың жұмысын жетілдіру мақсатында сала мамандарынан нақты ұсыныстар жинақталуда.
Сапар барысында жастардың репродуктивтік денсаулығына ерекше назар аударылып, бала даму кабинеттері тарапынан көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен ақпараттық-ағартушылық жұмыстары да талдануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1054202?lang=kk
Жауап қалдыру