
Кезектен тыс XLI сессия
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLI-сессиясы өтті. Сессияға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова қатысты.
Сессияның күн тәртібінде негізгі сұрақ бойынша, Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 «2025-2027 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды. Қаралған сұрақты аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова таныстырды. Әр түрлі сұрақтадың ішінде Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы болды. Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1054083?lang=kk
Жауап қалдыру