
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев пен Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің құрылтайшысы Закиржан Кузиев Жалағаш ауданына арнайы келіп, зауыт салынуы мүмкін жер телімімен танысты.
Инвестор сапар барысында сала басшыларымен бірге жерге инфрақұрылым тарту, егінді әртараптандыру бағытында жүгері дақылының егіс көлемін арттыру, экспорттық бағыттар, экологиялық қауіпсіздік және жер құнарлылығы сынды мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» – еліміздегі жүгеріні терең өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Жылына 200 мың тоннаға дейін жүгері өңдейтін зауыт крахмал, сірне, глютен және мал азығына арналған өнімдер шығарады. Өнімнің бір бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалғаны Қытай, Орталық Азия және ТМД елдеріне экспортталады.
Облыс әкімінің қолдауымен зауыт басшылығы өндірістік жобаны Қызылорда облысында іске асыруға ниетті.
Кездесу барысында жобаны ауданда жүзеге асыруға барлық мүмкіндік қарастырылатыны, сондай-ақ қажетті коммуналдық инфрақұрылымды тартуға жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1053696?lang=kk
Жауап қалдыру