
2025 жылғы 19 тамыз күні жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Қ.Саменкуловтың төрағалығымен жергілікті қоғамдастық кеңесінің кезекті жиыны өтті.
Жиынға ауыл ардагерлері, аналар алқасы, қоғамдастық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында ауыл әкімі Ж.Өмірқұловтың баяндамасы тыңдалып, ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, көшедегі малдарды реттеу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ойын алаңшалары мен балабақшаға байланысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жергілікті учаскелік полиция инспекторы А.Сатимбек құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Жиын соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Досымбеков, елдің берекесі үшін бірлесіп еңбек етуге шақырып, мәдениетті әр отбасынан бастауды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-lugovoy/press/news/details/1053963?lang=kk
Жауап қалдыру