🔰 АРЫС: ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ МЕҢГЕРУШІЛЕРІМЕН ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫН ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы 2025 жылдың 21 тамызында Арыс қаласындағы жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілеріне өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Кездесуге “Арыс қаласының білім бөлімі” ММ-нің статисті Қошқарова Перизат Қамитқызы, «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі мен өңірдегі жекеменшің және мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Дамир Серғазыұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асырудың маңыздылығын, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелерін, сонымен қатар жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы тарқатып өтті.
 
🔹 Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын таратты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1054655?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді