«2025 жылғы ең үздік аумақты абаттандыру» байқауына қатысып, құнды сыйлық ал!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы  А.А.Дәдебайдың «Үлгілі ауыл» конкурсын жыл сайын өткізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында «2025 жылы аумақтарды үздік абаттандыру» конкурсын өткізу жоспарлануда. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Абаттандыру және аумақты көгалдандыру бойынша әлеуметтік саланың үздік мекемесі»;

2) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша үздік бизнес объектісі»;

3) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша үздік елді мекен»;

4) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің үздік үй маңындағы аумағы»;

5) «Үздік үй иелігі».

6) «Таза аула»;

7) «Қауіпсіз аула»;

8) «Таза орта»;

9) «Жасыл орта».

Бірінші,екіншіжәнеүшіншіорын алған байқаужеңімпаздарыноминациядадипломдарменжәнебағалысыйлықтармен марапатталады,сондай-ақ келесіжылықосымшажергіліктібюджеттенкүрделі емес құрылыстыңбірәлеуметтікобъектісінорнатуғақаражатбөлінетінболады.

Жоғарыда сипатталғандардың негізінде конкурсқа қатысу үшін 2025 жылдың 26 тамызына дейінгі мерзімде фото және бейнематериалдармен (абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстарға дейін және одан кейін) номинацияны көрсете отырып (өтінімнің сканерленген нұсқасын электрондық түрде және WORD форматында жіберу) өтінім беру қажет. Бұл материалдар ұйымдастыру бөліміне Kairankol@mail.ru электрондықмекенжайынажіберілуікерек.

Өтінім нысаны қоса беріледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-kairankol/press/news/details/1054575?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді