21 тамыз күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған медиажоспарына сәйкес а.ж. 21 тамыз күні Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы және Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы Оршубеков Нұрбек Абубекұлы «Жаңа оқу жылына дайындық» тақырыбында брифингке қатысты.
Спикерлер өңір мектептерін жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары туралы жан-жақты баяндады. Тікелей эфир кезінде облыс тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Ең өзекті сұрақтар эфирде айтылып, басшылар тарапынан түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, «Келешек мектептері», «1000 көшбасшылар», «Модернизация 1000 школ в малых городах и селах», «Реновация 1300 школ», «Приобретение 1000 предметных кабинетов», «Ауыл мектебі – сапа алаңы», воспитательная программа «Адал Азамат» және т.б. тақырыптар бойынша мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1054864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді