А ГЕПАТИТІ — қауіпті, бірақ алдын алуға болады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл — бауырды зақымдайтын вирустық ауру. Ауру негізінен таза емес су, жақсы жуылмаған тағам, лас қолдар және ауру адаммен тікелей байланыс арқылы жұғады.

 

🌍 А гепатиті санитариясы нашар аймақтарда жиі кездеседі.

 

🔍 Қалай жұғады?

✔️ Қайнатылмаған немесе бөтелкеден құйылмаған суды ішу

✔️ Жуылмаған көкөніс пен жемістерді жеу

✔️ Шикі теңіз өнімдерін тұтыну

✔️ Ластанған ортада дайындалған тағам

✔️ Бір бөтелкеден су ішу, ортақ ыдыс пайдалану

✔️ Қалам мен қарындашты шайнау, тырнақ тістеу, кітап парақтарын сілекеймен ашу

 

⚠️ Белгілері:

  • Әлсіздік, шаршау
  • Жүрек айну, құсу, тәбет жоғалуы
  • Құрсақтың оң жағында ауырсыну
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Зәрдің қараюы
  • Көздің ағы мен терінің сарғаюы (сары ауру)
  • Нәжістің түссізденуі
  • Тері қышуы

 

🧒 Балаларда симптомсыз өтуі мүмкін, бұл вирустың таралуын қиындатады.

 

✅ А гепатиті толық емделеді, бірақ алдын алу — ең тиімді қорғаныс. Аурудан кейін тұрақты өмірлік иммунитет қалыптасады.

 

💉 Алдын алу шаралары:

 

🔹 Арнайы — Вакцинация:

 

2 жастан бастап балаларға

 

Науқаспен байланыста болған 14 жасқа дейінгі балаларға (екі апта ішінде)

 

В және С гепатитімен ауыратын балаларға (ремиссия кезінде)

👉 Екпе 2 рет салынады, арасы — 6 ай

👉 Жағымсыз әсерлер сирек кездеседі

👉 Басқа вакциналармен бірге салуға болады (бөлек енгізу керек)

 

🔹 Жалпы гигиена:

  • Қолды жиі жуу
  • Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу
  • Жеміс-көкөністі мұқият жуу
  • Шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу
  • Жеке гигиена құралдарын қолдану (тіс щеткасы, сүлгі, т.б.)
  • Үй мен мектепті таза ұстау
  • ✈️ Дамушы елдерге саяхаттағанда абай болыңыз!
  • Қауіп — таза емес тағам мен судан туындайды.

 

🛡️ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — вакцина салыңыз, тазалықты сақтаңыз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1054543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді