
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Ақмарал Әлназарова Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.
Тараптар денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-өзбек ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылап, соңғы жылдары қол жеткізілген өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Өзбекстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайту маңызды басымдық болып табылатынын атап өтті, өйткені екі елдің де медициналық көмекті дамытуда, кадрлар даярлауда және денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық технологияларды енгізуде ұқсас міндеттері бар.
Тараптар сондай-ақ 2024 жылғы 8 тамызда қол қойылған инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес, Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету, медициналық білім мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды көздейтін Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында перспективалы жобалар, оның ішінде 2025 жылы Өзбекстанда қазақстандық медицина күндерін өткізу, кадрлармен алмасу, медицина персоналының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңдарында МСАК бойынша елдер коалициясын іске қосуды қоса алғанда, халықаралық бастамаларға бірлесіп қатысу талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге және екі ел азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты мүдделерінде әріптестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1054687?lang=kk
Жауап қалдыру