Ақмола облысы педагогтарының тамыз конференциясы: «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19 тамызда Қосшы қаласында Ақмола облысы педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияның басты оқиғасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Қошербаевтың қатысуы болды. Бұл кездесу өңірдің педагогикалық қауымдастығы үшін айрықша маңызға ие екенін айқын көрсетті. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Аширов та болды.
Конференцияға 300-ден астам адам қатысты: мұғалімдер, мектеп, колледж және балабақша басшылары, сондай-ақ ғылым мен мемлекеттік органдардың өкілдері. Жиын барысында білім сапасын арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру және жасанды интеллект негізінде оқытудың жаңа әдістерін пайдалану мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева өз сөздерінде педагог мәртебесінің маңызын және ел болашағын қалыптастырудағы оның миссиясын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық тамыз конференциясындағы Мемлекет басшысының Жолдауынан үзінділер ұсынылған бейнепрезентациясы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Сондай, Назарбаев Университетінің, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің және шетелдік сарапшылардың баяндамалары тыңдалды.
Қорытынды сөзінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Қошербаев педагогтар адам капиталының негізін қалыптастыратынын атап өтіп, ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы негізгі міндеттерді белгіледі.
Жиын соңында өңірдің үздік педагогтары салтанатты түрде марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1054294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді