
Эко-хакатонға аймақтың жас IT-мамандары мен экобелсенді жастары қатысып, топтарға бөлініп, өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған цифрлық жобалар әзірледі. Бір күнге созылған хакатон барысында қатысушылар өңірдің нақты экологиялық түйткілдеріне заманауи технологиялық шешімдер ұсынды.
Қатысушылар менторлардан кеңес алып, шығармашылық және командалық атмосферада өз идеяларын дамытуға мүмкіндік алды.
Хакатон қорытындысы бойынша 18 команданың ішінен үздік деп танылған 3 жоба марапатталды. Атап айтсақ, 1-орынға – Eco Life командасы, Eco Jem жобасымен, 2-орынға – CCDB командасы, Eco Alem жобасымен, 3-орынға – Eco Impact командасы, Tabigat жобасымен жайғасты.
Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054559?lang=kk
Жауап қалдыру