
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды саласының бірі болып табылады. Биыл еліміз маңызды ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалуда.
Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев салаға жауапты басшылармен бірге Қабланбек ауылдық округ әкімі аппаратына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін саралады.
– Ауыл шаруашылығы санағына қатысу өте маңызды. Бұл аграрлық сектордың нақты жағдайын көруге және жұмысты дұрыс жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, дамуына үлес қосатын қадам. Сол үшін біз тек шынайы деректердің жақтасымыз. Тек нақты сандар ғана нақты жағдайды көрсетеді- деп Арман Абдуллаев салаға жауапты басшыларға жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
Айта кетсек, ауыл шаруашылығы санағы елдің аграрлық саласы туралы нақты әрі өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді. Ол 2 кезеңде жүргізіледі. Атап айтқанда:2025 жылдың 1 және 31 тамыз аралығында онлайн, екіншісі 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін офлайн сауалнама.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1054303?lang=kk
Жауап қалдыру