
Аудан әкімдігінің ғимаратында Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы ауылдық округтер мен кент әкімдерін арнайы бөлім басшыларының қатысуымен қабылдады.
Кездесу барысында ауданда қордаланып, шешімін таппай келген өзекті мәселелер талқыланды. Әрбір мәселе бойынша нақты шешу жолдары қарастырылып, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ, кент әкімдеріне арнайы тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың жағдайы, абаттандыру, жол жөндеу, инженерлік желілерді жаңарту, ауыз су және коммуналдық қызмет сапасын арттыру сияқты маңызды бағыттар бойынша пікір алмасылды.
Аудан әкімі жүктелген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – басты мақсат екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-chagan/press/news/details/1054315?lang=kk
Жауап қалдыру