АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Ж. Сұлтанова Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында алдымен аталған аумақтардың инфрақұрылым жүйесі бойынша қысқаша мәлімет беріліп, алда атқарылатын жұмыстардың барысы таныстырылды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, ойын және спорт алаңшаларын орнату, жол жөндеу, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар көтерілді. Түсірілген ұсыныстар бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Кездесу соңында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Жиынға, сондай-ақ, салалық басқармалардың, аумақтық органдардың және коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1054779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді