
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С. Мусапированың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті онбірінші сессиясы өтті. Екі негізгі жоспарланған мәселе қаралды және бекітілді: «Алтынсарин ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» және «Алтынсарин ауданының ауылдық округтер мен ауылдардағы байланыс пен интернеттің қолжетімділігі мен сапасы туралы». Сондай-ақ, депутаттар аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіп, аудандық мәслихат депутаты Д.С.Фицнердің ауданнан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты оның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарады. Сессия соңында депутаттар аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті он екінші сессиясының күн тәртібін бекітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1054922?lang=kk
Жауап қалдыру