
2025 жылғы 20 тамызда Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы жеке қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында Астрахан және Колутон ауылдарының тұрғындары аудан әкіміне әртүрлі мәселелермен жүгінді.
Астрахан ауылының тұрғыны Мостович А.А. үй маңындағы аумақты салу кезінде көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Колутон ауылының тұрғыны Аугалиев Т.Е. су тасқынынан кейінгі тұрғын үй жағдайын көтерді.
Астрахан ауылының тұрғындары Джумаева Г.Б. мен Ибраева А.С. жер телімі және тұрғын үй алу мәселелері бойынша жүгінді.
Сондай-ақ, Астраханка ауылының тұрғыны Бондарев А.В. үйін орталық жылу жүйесіне қосу мәселесін көтерді.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1054502?lang=kk
Жауап қалдыру