«Baqytty Bala – 2025»: Ақтөбе халықаралық өнер додасына дайын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде өңірдің брендіне айналған «Baqytty Bala» халықаралық балалар вокалдық фестиваль-байқауы биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылуда. 2018 жылы алғаш рет өткен бұл жоба бүгінде шекара асып, халықаралық деңгейге көтерілді.

Биылғы байқауға Беларусь, Молдова, Татарстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдері мен Қазақстанның әр өңірінен 20 талантты жас өнерпаз жолдама алды.

Фестивальдың ашылу рәсімі 21 тамыз күні сағат 11:00-де Өнер орталығында өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады: қатысушылар өз ана тілінде немесе авторлық ән, сондай-ақ әлемдік хит орындайды. Гала-концерт 23 тамызда сағат 16:00-де дәл сол «Өнер орталығы» концерт залында өткізілетін болады.

Жас әншілерге шабыт беретін бұл фестиваль – қазақ музыкасы мен мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға, жас буынды қолдауға бағытталған маңызды шығармашылық алаң.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1054645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді