
2025 жылғы 19 тамыз күні Қосшы қаласында «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбы аясында Ақмола облысы педагогтерінің тамыз конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: Цифрландырудың жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәсілдерді айқындау.
Конференцияға ҚР Премьер-министрдің орынбасары Көшербаев Ермек Беделбайұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Аширов, Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы, облыс әкімінің орынбасары Айтбаев Досулан Ерланович, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Жумабеков Ержан Сулейменович, облыстық маслихат депутаты Туребаев Айдын Бертысбаевич, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Беспалинов Берген Маратович, Қосшы қ.әкімі Капышев Азамат Есимович, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Каппасов Орал Кабиевич, жоғары оқу орындарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Республикалық ұйымдардың басшылары, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, мемлекеттік наградалармен марапатталған педагогтер, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім ұйымдарының басшылары қатысты.
Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысы білім жүйесінің маңызды басымдықтары мен бағыттарын айқындап, сөз сөйледі.
«Ақмола облысы білім саласының алдында тұрған жаңа міндеттер» тақырыбында білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы баяндама жасады.
Ақкөл ауданының «Арайлым» балабақшасының музыка жетекшісі Каргина Вероника Николаевна «Балабақша -тәрбие тал бесігі», Көкшетау қ., №11 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Амангельдинова Айнур Еркешевна «Жасанды интеллект және әдебиет: цифрлық сана мен сөз өнерінің тоғысуы», Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің ветеринарлық пәндерінің оқытушысы Сарсенбаев Темирлан Тайшибаевич «Кәсіби құзыреттер мен азаматтық құндылықтарды кіріктіру», Дьюк және Оксфорд университеттерінің түлегі, Maruf Fellows білім беру акселераторының және Paradigm Shift білім беру саласындағы консалтингтік компанияның негізін қалаушы Бекахметов Ғабит Қайратұлы «Білім беру сапасын арттыру үшін жасанды интеллекті пайдалану», Шығыс-Қытай педагогикалық университетінің цифрлық білім беру саласындағы жетекші сарапшысы, профессор Сяндун Чэнь «Жасанды интеллект көмегімен мектеп пәндерін оқыту: ірі тілдік модельдердің күші», Назарбаев университетінің өкілі, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Елюбаев Сағынтай Зекенұлы «Цифрландыру жағдайында білім беру сапасын арттырудың және тәрбие жұмысын күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыптарына баяндамалар жасалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б.Көшербаев сөз сөйледі.
Конференция барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бейне-таныстырылымы көрсетіліп, кейін марапаттау рәсімімен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1054477?lang=kk
Жауап қалдыру