
Бүгін, 21 тамыз күні №9 сайлау округінен сайланған депутат Мампаев Әжібек Алғашбекұлы өз округіне қарасты Н.Ильясов атындағы №9 мектеп –лицейіне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Мектеп 1983 жылы пайдалануға берілген, қазіргі таңда 1500 бала білім алуда. Соңғы 40 жылдан астам уақытта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Биылғы жылы мектепке толық күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражаттар бөлініп, конкурс негізінде жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Қызылорда траст» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Депутат Әжібек Мампаев жалпы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толып жатқандығын жеткізіп, мердігер мекеме басшылығына жөндеу жұмыстарын межеленген уақытта сапалы аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1054796?lang=kk
Жауап қалдыру